Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан бір науқас қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
"Көз жұмған науқастың жасы 83-те. Ол ешқандай екпе алмаған. Оның басқа да аурулары болған – өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, артериялық гипертензия", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қазір елімізде 2,6 мың науқас СOVID-19-дан емделіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу