"СОVID-төлқұжаты" шетелде жарамды бола ма?

1265

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл мәселе талқыға салынып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"СОVID-төлқұжаты" шетелде жарамды бола ма?

"Мәселені талқыға салып жатырмыз. Бүгінде әлемде қозғалысты шектеу бойынша нақты нормативтік құжаттар жоқ. Қазақстанда өз ақпараттық жүйемізді дайындадық. Қазіргі таңда әрбір адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін электронды егу паспортын (төлқұжатын) ала алады", - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.

Алексей Цой халықаралық заңнама өзгерген жағдайда еліміз базаларды интеграциялауға дайын екенін, алайда бүгінде мұндай талап жоғын атап өтті.

Айта кетейік, 1 шілдеде "СОVID-төлқұжаты" "Ashyq" қосымшасымен біріктіріледі.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу