"Союз-2" зымырандары бөлшектерінің құлау ауданы бекітілді

800

"Байқоңырдан" ұшқан зымыран бөлшектерінің құлауына арналған жаңа ауданның көлемі – 5,8 мың гектар.

"Союз-2" зымырандары бөлшектерінің құлау ауданы бекітілді

"Союз-2" типіндегі зымыран тасығышының бөлшектері Қостанай облысының аумағына құлатылатын болды.

Қазақстан мен Ресей үкіметтері "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2" зымыран тасығыштарын ұшыру және зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлайтын жаңа аудан туралы келісімді мақұлдады. Осыған қатысты үкімет қаулысы 23 мамыр күні жарияланды.

Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланған келісімде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылған "Союз-2" типіндегі зымыран тасығыштары бөлшектерінің құлау ауданы ретінде Қостанай облысынан солтүстік бағытқа қарай аумағы 5,8 мың гектар жер учаскесін бөлу қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу