Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығында МКС-61/62 экипажының кешенді жаттығулар емтиханының екінші күні өтті, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат.
МКС-61/62/ЭП-19 кемесінің басты экипажы Олег Скрипочка, астронавт Джессика Меири мен ғарышқа Бірікке Араб Әмірліктерінен ұшатын Хаззаа Аль Мансури 2019 жылдың 30 тамызы күні ғарышқа ұшатын Союз кемесінің тенажерында жаттығу жасады.
Дублерлар – Сергей Рыжиков,Томас Маршбёрн және Сұлтан Аль Неяди болса Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментінің тренажерында жұмыс істеді.
"Союз МС-15" экипажының командирі Олег Скрипочка журналистерге емтихан комиссиясының оларға сын-ескертпе айтпағанын, сол себепті оның экипажы "жарайсың" деген баға алғанын жеткізді. Хаззаа Аль Мансури емтихан кезінде өзінің аса қобалжи қоймағанын айтты.
Ғарышкерлерді дайындау орталығында оны жақсы қарсы алып, нұсқаушылар жақсы дайындықтан өткізген.