"Союз МС-17" Қазақстанға сәтті қонды

760

Ғарышкерлердің экспедициясы 2020 жылы 14 қазанда басталған.  

"Союз МС-17" Қазақстанға сәтті қонды

Бортында ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Сергей Куд-Сверчков және  NASA астронавты Кэтлин Рубинс болған "Союз МС-17" басқарылатын ғарыш кемесі Қазақстанға сәтті қонды, деп inbusiness.kz  "Интерфаксқа" сілтеме жасап хабарлайды.

Ғарыш кемесі Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 км қашықтықта орналасқан ауданға қонған.

Ғарышкерлердің экспедициясы 2020 жылы 14 қазанда басталған. Экипаж орбитада 185 күн болды, осы уақыт ішінде станцияда бірқатар ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Ғарышкерлерді түсіру көлігінен эвакуациялағаннан кейін, дәрігерлер алғашқы тексеру жүргізіп, қандағы оттегінің деңгейін, қан қысымын анықтап, алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу