1 наурыз Алғыс айту күніне орай Созақ ауданында "Бәрі рахмет үшін" акциясы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Акция барысында аудан әкімі М. Исаев барша жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтап, әлеуметтік жағдайы төмен 20 жанұяға 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстады. Акция аясында аз қамтамасыз етілген 100 отбасыға тегін 700 киім таратылып берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу