"Сөзбен айтып жеткізе алмаймын": Президенттен марапат алған ауыл мұғалімі көз жасына ерік берді

410

Әлеуметтік желіде Мемлекет басшысынан марапат алған ұстаздың көз жасын тыя алмаған сәті талқыға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Сөзбен айтып жеткізе алмаймын": Президенттен марапат алған ауыл мұғалімі көз жасына ерік берді Фото: видео скриншот

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әбибулла Жақұдаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" марапатын алған.

Ұстазды 5 қазанда Шымкент әуежайынан жақындары мен әріптестері арнайы күтіп алған. Желіде тараған видеодан ер адамның эмоциясын ұстай алмай, жылағанын байқауға болады. 

Түркістан облысы білім басқармасы аталған видеоға қатысты пікір білдірді.

"Әбиболла Жақұдаев – 40 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаз. Ол Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Награда алып оралған Әбибулла Мыңасарұлын әріптестері әуежайдан күтіп алды", – делінген хабарламада.

Жүректебірентерлік бейнежазбаға қатысты ұстаздың өзі де пікір білдірді.

"Бұл қуаныштың көз жасы болды. Президентті, елімді, әріптестерімді, жерлестерімді құрметтеймін, сол себепті де жыладым. Оның қолынан жүлде алған сәтімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен үшін бұл 40 жылдық еңбек жолымдағы ұмытылмас сәт", – деді мұғалім. 

Заңға сәйкес марапатталған мұғалімдерге, оның ішінде Әбибулла Жақұдаевқа 1000 АЕК (шамамен 3,7 млн ​​теңге) көлемінде біржолғы үстемеақы төленді. 

"Видеоны көріп, көзіме жас алдым. Осындай қуанышты сәттер көп бола берсінші", "Еңбекпен келген бақыттың көз жасы", "Видеодан мұғалімнің өз жұмысын тамаша орындайтыны анық көрініп тұр. Мейірімді және әдепті адам екені", "Керемет көрініс, оқушылары да оны қатты жақсы көретін секілді", "Марапат лайықты иесін тапты", "Осындай қарапайым мамандар медальға лайық", – деп жазды желі қолданушылары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу