24 мамырға жоспарланған Arabsat операторының BADR-8 телекоммуникациялық жер серігімен Falcon 9 зымыранын ұшыру ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Спутникті ұшыру 24 мамыр күні таңертең Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі АҚШ ғарыш күштерінің базасында орындалуы керек еді.
Құрылғы Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Орталық Азия елдерін байланыспен қамтамасыз етуге арналған. Ол сондай-ақ гигабиттік жылдамдықтағы оптикалық байланыс үшін Airbus TELEO модулімен жабдықталған.
Жер серігінің массасы 4,5 тонна.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу