SpaceX ХҒС-қа халықаралық экипаж жіберді

451

Америкалық миллиардер Илон Масктың SpaceX компаниясы бүгін Халықаралық ғарыш стансысында (ХҒС) төрт адамнан тұратын экипажды жіберді.   

SpaceX ХҒС-қа халықаралық экипаж жіберді Фото: img6.eadaily.com

Олардың ішінде АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) екі астронавты, ресейлік ғарышкер мен Біріккен Араб Әмірліктерінің астронавты бар, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Crew Dragon ғарыш кемесі бекітілген Falcon 9 зымыран тасығышы Астана уақытымен 11.34-те Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі Дж. Кеннеди атындағы Ғарыш орталығынан ұшырылды.

Бастапқыда зымыран 72 сағат бұрын ұшырылады деп жоспарланған болатын, бірақ тұтандырғыш сұйықтық беру жүйесінің сүзгісі бітеліп қалғандықтан, ұшыру уақытша тоқтатылды. NASA кейінірек мәселе шешілгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу