SpaceX компаниясы 600 қызметкерді жұмыстан шығарады

1036

Компания өткен жылы SpaceX - 21 спутниктерін ұшыруды ұлғайтса да, қызметкерлерін біртіндеп отырған. 

SpaceX компаниясы 600 қызметкерді жұмыстан шығарады

Илон Маск басқаратын SpaceX компаниясы жұма күні шамамен 600 қызметкерді, атап айтқанда 6000 қызметкердің 10 пайызын жұмыстан шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.

Осыған байланысты компания президенті Гвинн Шотуелл қызметкерлерге арнайы хат жолдады. Онда ол бұл шешімнің аса қиынға түскенін, бірақ олай істемесе тағы болмайтынын түсіндірген.

"Клиенттерге мінсіз қызмет көрсетуді жалғастырып, планетааралық космос аппараттары мен ғаламдық интернетті жасауда жетістікке жету үшін SpaceX әлдеқайда шағын, ықшам компанияға айналуға тиіс. Сол үшін біз бірқатар талантты және еңбекқор қызметкерлермен қош айтысуға мәжбүрміз", - делінген коммпанияның мәлімдемесінде.

Айта кету керек, компания өткен жылы SpaceX - 21 спутниктерін ұшыруды ұлғайтса да, ол арасында қызметкерлерін шетінен қысқартып отырған. Дегенмен, бұл жолғы қысқарту ауқымды болғалы тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу