SpaceX өте ауыр Starship-ті ғарышқа ұшырды

282

Starship ғарышқа шыққаннан кейін онымен көп ұзамай байланыс үзілгендіктен SpaceX кеменің өзін-өзі жою тетігін қосты.  

SpaceX өте ауыр Starship-ті ғарышқа ұшырды Фото: EPA/Vostock-photo

SpaceX өте ауыр Starship кемесін ғарышқа ұшырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Super Heavy зымыран тасығышының бірінші сатысы кемеден бөлініп, бірақ бірнеше секундтан кейін жарылды. Starship ғарышқа шыққаннан кейін онымен көп ұзамай байланыс үзілгендіктен SpaceX кеменің өзін-өзі жою тетігін қосты. Мамандардың айтуынша, бірінші сатының бөлінуі салыстырмалы түрде жетістік болып саналады.

Бұл жолы зымыран сегіз минут ғарышта болып үлгерді. Сәуір айындағы алғашқы сынақтыкімен салыстырғанда екі есе көп. Ол кезде бірден бірнеше қозғалтқыш істен шығып жарылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу