Бұл туралы SpaceX Президенті Гвинн Шотвелл сәрсенбіде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Олардың [Украина Қарулы күштерінің] мүмкіндіктерін шектеу үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланамыз", — деді Гвинн Вашингтондағы конференцияда.
Компания президенті Starlink "қару болу үшін әзірленбегенін" атап өтті.
"Біз [украиналық] әскерилер өздерінің [дрондарын] байланыс құралы ретінде пайдаланатынын білеміз. Алайда, біздің құрал шабуыл жасауға пайдаланылмауы керек", — деп атап өтті SpaceX Президенті.
28 қаңтарда Украинаның Қорғаныс министрлігі биылғы жылы әуе күштері үшін дрондарды сатып алудың артқанын хабарлады, оған шамамен 544 миллион доллар бөлінеді.