Илон Масктың SpaceX компаниясы Starship-тің өте ауыр зымыранын Бока-Чикадағы (Техас штаты) алаңнан ұшырмақ болған, бірақ ұшырылым басталуға 40 секунд қалғанда сынақты тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бүгінгі ұшыру сынағы тоқтатылды; команда келесі қолжетімді мүмкіндік жолында жұмыс істеуде", – деді SpaceX.
Өз кезегінде Маск Twitter-де ұшыру қысым клапанындағы техникалық ақауларға байланысты кейінге қалдырылғанын түсіндірді.
"Қысым клапаны қатып қалған сияқты, сондықтан ол жақын арада қайта іске қосылмаса, бүгін ұшыру болмайтыны анық. Бүгін біраз нәрсені білдік, қазір жанармай түсіріп жатырмыз, бірнеше күннен кейін сынағымызды қайталап көреміз", - деп жазды ол.