SpaceX зымыранның бірінші сатысын Жерге қайтара алмады

78

Зымыран мұнараға қайта қонбай, Мексика шығанағының үстінде жарылып, теңізге құлады.

SpaceX зымыранның бірінші сатысын Жерге қайтара алмады Фото: Ricardo Arduengo/ AFP

Super Heavy зымыран-тасығышы ғарыш кемесінен ажырағаннан кейін жоспар бойынша ұшыру мұнарасындағы механикалық қармауыштар арқылы ұстап алынуы тиіс еді. Алайда зымыран мұнараға қайта қонбай, Мексика шығанағының үстінде жарылып, теңізге құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

SpaceX компаниясы әзірге сәтсіздікке не себеп болғаны туралы түсініктеме берген жоқ. Бұған дейінгі үш сынақ ұшырылымында Super Heavy зымыранын ұшыру мұнарасының көмегімен сәтті ұстап алу мүмкін болған.

Ал ғарыш кемесінің екінші сатысы – Starship Жер орбитасына сәтті шығып, оған Starlink байланыс серіктерін орналастырды. Жоспар бойынша, кеме шамамен 24 сағат ішінде Жерді 14 рет айналып ұшып, кейін ұшыру алаңына қайтуы керек.

Кеменің жоғарғы сатысын Жерге оралған кезде ұшыру мұнарасының көмегімен ұстап алуға әрекет жасала ма, жоқ па – бұл жөніндегі шешім сенбі күні қабылданады.

Егер операция толығымен сәтті аяқталғанда, ғарыш кемесінің барлық негізгі бөлігін қайта пайдалану үшін Жерге аман-есен қайтарудың алғашқы жағдайы болар еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу