SpaceX зымыраны 60 жерсерікті Жер орбитасына сәтті алып шықты

1332

SpaceX компаниясы Falcon 9 зымыранымен ұшырған Starlink жүйесінің жерсеріктері орбитаға сәтті жетті.

SpaceX зымыраны 60 жерсерікті Жер орбитасына сәтті алып шықты

Falcon 9 Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 24 мамыр күні астаналық уақытпен сағат 08:30-да ұшып, 60 жерсерікті 440 шақырымдық Жер орбитасына сәтті алып шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жерсеріктер – Жер планетасын интернет-сигналмен барынша қаматамыз ету үшін жасалып жатқан SpaceX жобасының бір бөлігі. Нидерланд тұрғыны Марко Лангбрук (Marco Langbroek) жерсеріктердің қозғалыс жыламдығы арқылы орбитада көріну уақытын есептеп шығып, видеоға түсіріп алған.

"Міне түсірген видеом, енді миыңыз жарылып кетпесін! Есебім дәл болған екен. Жерсеріктер жоспарлаған уақытта ұшып өтті, тіпті 3 минут ерте келді. Бұл өте ғажайып көрініс болды. Мұндай жарқылдаған пойызды көргенде "Уау!" дедім. Олар мен ойлағаннан да жарық болып шықты", – дейді Марко Лангбрук.

Лангбрук бұл көріністі Watec WAT-902H3 (объективі – Canon FD 50 mm f/ 1.8) монохром камерасын пайдаланған. 60 жерсерік 550 километр биіктікке дейін көтерілді. Ал ракета оларды 440 километрге дейін апарды. Жоспарланған орбитаға дейін (550 км) жерсеріктер Холл эффекті қолданылған қозғалтқыштар арқылы жетпек. Қозғалтқыштар әр 90 минут сайын қосылып отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу