Falcon 9 зымыраны WorldView Legion 3 және 4 Жерді қашықтан зондтау спутнигін орбитаға ұшырды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.
Maxar Intelligence компаниясының спутниктері Жер бетінің суреттерін алуға мүмкіндік береді. Компания осындай тағы 6 аппараттан орбиталық топ құруды көздеп отыр. Алғашқы екі жер серігі мамыр айында орбитаға жіберілді.
Зымыран АҚШ-тың шығыс жағалауының уақыты бойынша сағат 09:00-де Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі америкалық ғарыш күштері базасынан ұшырылды.
Maxar Intelligence АҚШ барлау қызметтеріне коммерциялық электрондық оптикалық кескін жеткізумен айналысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу