Falcon 9 зымыраны Индонезияның Satria телекоммуникациялық спутнигін геосинхронды орбитаға шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz SpaceX тасымалдаушы компания мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Satria спутнигінің шығарылуы расталды", - делінген хабарламада.
SpaceX зымыранын ұшыру Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі американдық ғарыш күштері иелігіндегі 40-шы ұшыру кешенінен жүргізілді.
Француз әзірлеушісі Thales Group компаниясы PT Satelit Nusantara Tiga спутниктік провайдері үшін жасаған Satria - Индонезияның ең ірі телекоммуникациялық спутнигі. Салмағы бес тоннаға жуық аппараттың құны 550 миллион долларға бағаланады.