Спамның жаңа түрі пайда болды

1054

Спамның жаңа түрі пайда болды

Қазіргі кезде спамның жаңа түрі пайда болды. Ол мысалы, көрші Ресей тұрғындарын әбден ығыр еткен. Сарапшылардың айтуынша, бұдан қазақстандықтар да сақтанғаны жөн, деп хабарлайды abctv.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, абонентті қайта қоңырау шалуға арандатушылар бірінші Жапонияда пайда болыпты және Күншығыс елінде ол Wangiri деген атау алған. Кейбір жағдайларда нөмір ақылы болып шыққан, тиісінше, кері қоңырау шалған абоненттің балансынан біраз ақша сол жаққа ағып кететін болған. Бірақ Ресейде негізінен, жарнаманы оқумен ғана шектеледі екен. 

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, бұл кесапатпен байланыс операторлары өз бетінше күресе алады екен. Мәселен, егер азаматтардан шағым көп түссе, оператор "спаммер" телефон нөмірін бұғаттап тастай алады. Бірақ мәселен, Ресейде ұялы операторлар бірлі-жарым шағымдарға бола өз клиенттерін тосқауылдап тастауға бармай отырған көрінеді. Сондықтан РФ қоғамдық палатасы байланыс операторларын спамды жаппай таратушы абоненттерді сот үкімінсіз жедел бұғаттауға міндеттейтін заң жобасын әзірлеуге кірісті. Бұл жерде нөмірге "мән-жайы анықталғанша" тосқауыл қойылады.   

Отандық операторлар әзірге бұл тақырып бойынша өз абоненттерінің қандай да бір шағым түсіруі оқиғасы тіркелмегенін алға тартады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу