Илон Маск компаниясы ғарышқа жеткізу қызметін іске қосып отыр. Оның аясында, кез келген адам 200 кг-дық жүкті орбитаға шығара алады, деп хабарлайды Atameken Business.
Алайда, бұл тегін қызмет емес. Falcon 9 жеткізуші зымыранды жалдау 1 млн доллар тұрады. Қосымша жүктің әр киллограмына 5 доллар қосылып отырады.
Жаңа сервис ғарыш айлағына жүк тасымалдауды қолжетімді етпек. Бұл қызмет көбіне, ғарышқа спутник ұшырататын ұйымдар үшін зор мүмкіндік болады.
Зымыранды ғарышқа ұшыру төрт айда бір рет жүзеге асады. Жүкті ұшыру үшін алдын-ала өтінім тастау керек. Онда жүктің салмағы, ұшыру күні, зымыран түрі т.б ақпараттар болуы керек.
Броньды растау үшін 5 мың АҚШ доллар көлемінде аванс төленеді. Мамандардың айтуынша, алғашқы ғарыш сапары осы жылдың маусым айында өтеді. Зымыран Флорида мен Калифорния штаттарынан ұшырылады