Спорт комитеті басшысының орынбасарлары ұсталды

800

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 400 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Спорт комитеті басшысының орынбасарлары ұсталды

Олардың біріне қатысты сот екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері құлағдар етті, деп хабарлайды Atameken Business. 

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, шенеуніктер Риддер қаласында 300 орындық спорттық оқу ордасының құрылысы кезінде жалпы сомасы 381 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеу болжамы бойынша, ақша мердігердің шотына нақты жұмыс орындалмастан бұрын аударылған. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу