Спорт күніне арналған спартакиада өтеді

1000

Спорт күніне арналған спартакиада өтеді

20 тамыз күні "Алау" мұз айдыны сарайында Спорт күніне арналған үстел теннисі, мини-футбол және волейболдан спартакиада өтеді, деп хабарлайды astana.gov.kz .

Шараны қазақша және еркін күрестен спорт шебері, ақын  Жеңіс Қашқынов атындағы қормен, Астана қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, "Алау" мұз айдыны сарайымен бірлесе отырып, елорда әкімдігінің қолдауымен өткізеді.

Спорттық шара халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Спартакиаданың салтанатты ашылуына белгілі спорт шеберлері мен Қазақстан эстрадасының өкілдері қатысады. Жеңіске жеткен қатысушылар диплом, алғыс хат, ақшалай және құнды сыйлықтармен марапатталады.

Жарысқа барлық қалаған 14-29 жас аралығындағы адамдар қатыса алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу