Спорт министрі блогер Жанабыловтардың әрекеті туралы айтты

187

Іс сотқа жіберілген. 

Спорт министрі блогер Жанабыловтардың әрекеті туралы айтты Фото: Бейнежазбадан

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желіде көлік ойнатып жатқан блогер Жанабыловтардың ұтысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, жеке тұлғадан өтініш түскен. 

"Бүгінгі таңда толық тексеріс жүргізілуде, іс сотқа жіберілді. Бұл мәселе сотта шешіледі", – деді министр.

Ербол Мырзабосынов бұл оқиғаға қатысты барлық мән-жайды жариялай алмайтынын жеткізді. 

Тілшілер ведомство басшысынан осындай ұтыс ойындарын өткізетін басқа да блогерлер тексеріле ме деп нақтылады. Туризм және спорт министрі бұл мәселемен ведомствоның комитеті айналысып жатқанын айтты.

Айта кету керек, бұған дейін көлік ойнатып жатқан блогер Жанабыловтардың ұтысы сотта қаралатынын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу