Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тұтқындалған Перизат Кайраттың пара үстел теннисі федерациясының президенті болып тағайындалуы туралы түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Перизат Кайратқа қатысты – бұл федерацияның ішкі жұмысы, оны сол кезде тағайындаған. Себебі бұл федерацияның жұмысы, қазір ол қызметте жоқ. Қазір федерацияның ішкі жұмыстарын басқару процесі жүріп жатыр. Федерацияларға қойылатын талаптар бар. Біз халықаралық ареналарда және ел ішінде жұмыс істеуге қойылатын талаптар қойып отырмыз", – деді спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу