Спорт министрі Президентке Азиада қорытындысы жайлы есеп берді

304

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Спорт министрі Президентке Азиада қорытындысы жайлы есеп берді Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды. 

Мемлекет басшысына Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде есеп берілді.

Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу