Спорт министрлігі футболдан ұлттық құраманың жаңа бапкерінің жалақысына қатысты пікір білдірді

226

Серік Жарасбаев БАҚ-тағы С.Черчесовтің айлығы туралы ақпаратты растай да, теріске шығара да алмайтынын айтады.

Спорт министрлігі футболдан ұлттық құраманың жаңа бапкерінің жалақысына қатысты пікір білдірді Фото: kff.kz

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев футболдан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған ресейлік Станислав Черчесовтің айлығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі заң бойынша әрбір федерация өз қалауы бойынша бас жаттықтырушыға өз ұсынысын береді. М.Адиев жұмыстан босағаннан кейін федерация өз ұсыныс жіберді бізге. Біз қарастырып, ол ұсыныспен келістік. Бірақ оның еңбекақы мен басқа да мәселелерді федерация өз тарапынан шешеді", - деді вице-министр.

Серік Жарасбаев БАҚ-тағы С.Черчесовтің айлығы туралы ақпаратты растай да, теріске шығара да алмайтынын айтады.

"Себебі оны футбол федерациясы арқылы ресми түрде сұрау керек. Федерацияға бірлесіп сұрақ қояйық, қалай, қандай шартпен тағайындағаны. Заң бойынша әрбір адамның жалақысы құпия. Оның бәрі келісімшарттың ішінде жазылады. Сондықтан сұрақты федерация арқылы қою керек деп ойлаймын. Егер бюджеттен төленіп жатса, халықты оны білуге құқығы бар. Ал федерация тарапынан жеке меншік ретінде төленіп жатса, заңды түрде қарастыру керек", - деді Туризм және спорт вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу