Спорт саласы жемқорлық фактілеріне тексеріліп жатыр

448

Талдау шеңберінде Туризм және спорт министрлігінің спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жүргізілуде.

Спорт саласы жемқорлық фактілеріне тексеріліп жатыр Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Талдау шеңберінде Туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жүргізілуде.

Бұдан басқа, спорттық іс-шаралар мен жиындар, спорттық жабдықтар мен тамақтандырудағы сатып алу, шетелдік іссапарларды ұйымдастыру, сыйақылар, спорт объектілерін салу, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстау бойынша бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады", — деп хабарланды Агенттік брифингі барысында.

Айта кетейік, талдау Агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өткізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу