Спорт саласының 400-ге жуық маманы біліктілікті арттыру курсынан өтті

401

Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру бойынша 6 курс өткізілді.

Спорт саласының 400-ге жуық маманы біліктілікті арттыру курсынан өтті Фото: inform.kz

2023 жылдың басынан дене шынықтыру және спорт саласындағы 395 маман біліктілікті арттыру курсынан өтіп, тиісті сертификаттар алды, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру бойынша 6 курс өткізілді. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының жоспарына сай биыл 17 тегін курс ұйымдастырылады. Ол курстар 700-ге жуық адамды қамтитын болады.

"Жаңа кадрлар даярлау және салада жүрген спорт мамандарының біліктілігін арттыру - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл ретте, тек жаттықтырушыларға ғана емес, сонымен қатар спорттық оқу орындарының жаттықтырушы-оқытушыларына да көңіл бөлінеді. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға баса назар аударылады", - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу