Астана тұрғындары мен қонақтарын BI Marathon 2018 спорт жәрмеңкесіне шақырады
Триатлон-саябағында 25-27 мамыр аралығында ең ірі спорттық шара – BI Marathon 2018 спорт жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған шара бүкіл спорт индустриясы үшін бірегей алаң болмақ. Марафонға қатысушылардың бастапқы нөмірін үйлестіруден басқа, аумағы 1000 шаршы метр құрайтын жәрмеңкеде 60-тан астам компаниялардың тауарлары орналастырылады. Сонымен қатар, 26 мамырда еліміздің жетекші жаттықтырушыларының, спорт шеберлерінің, диетологтар мен дәрігерлердің, сондай-ақ спорт саласының басқа да мамандарының қатысуымен дәрістер, мастер-кластар және флеш-мобтар өткізіледі. Мысалы, қатысушылар денсаулыққа пайдалы тамақтан дәм татуға, диетологтармен кеңесуге, әлемдегі марафондар туралы көбірек мағлұмат білуге мүмкіндік алады.
"Спорт жәрмеңкесінің мақсаты – отандық кәсіпкерлердің өз өнімдерін ұсына алатын, іскерлік байланыстар орнатуға және басқа бизнес өкілдерімен тәжірибе алмасатын арнайы өнеркәсіптік алаң құру. Шын мәнінде, жәрмеңке клиент пен өндіруші арасындағы ашық диалогтың ортақ платформасы ретінде қызмет етеді", – деп атап өтті BI Marathon 2018 Спорттық Жәрмеңкесінің директоры Альбина Бунеску. Осылайша, бір алаңда марафон қатысушылары мен қала қонақтары фитнес-клуб пен абонементтерді таңдауға, спортқа керекті киімдер мен аксессуарларды таңдауға, спорттық жаттығу құралдарын сынап көреді.
Бұдан басқа, жәрмеңке аумағында аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасын өткізетін аймақ ұйымдастырылады, ал ересектерге жаттығулармен айналысу үшін спорттық құралдар орнатылады. Сондай-ақ, іс-шара аясында түрлі жарыстар, сыйлықтар мен сертификаттардың ұтыс ойындары өткізіледі.
Жәрмеңкенің өтетін уақыты – 10:00-ден 19:00.