Спортшылардың Токио Олимпиадасына дайындығы қалай

711

#TeamKZ мүшелері Олимпиада ойындары алдындағы соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Спортшылардың Токио Олимпиадасына дайындығы қалай

Жүзуден ұлттық құраманың бас бапкері Олег Вагизов ҰОК сайтына берген сұхбатында спортшылардың Токио Олимпиадасына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әрине, Олимпиада ойындары қарсаңында спортшылардың өздері, жаттықтырушылар мен команда мамандары өздерінің маңызды додаға сақадай сай болып, жоғары дәрежеде түпкілікті дайын болып баруы үшін барлық күш-жігерін салады. Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күн қалды. Токио Олимпиадасында дайындық кезеңінің негізгі бөлігін орындадық. Енді жүзу техникасын жетілдіру, бәсекеге қабілеттілік пен шартты дайындық бойынша егжей-тегжейлі жұмыс істеп жатырмыз. Жасалған жұмыстардың нәтижиесі Олимпиада ойындарында белгілі болады. Жасыратыны жоқ, Дмитрий Баландинге үміт артып отырмыз. Ол 100 және 200 м қашықтықты брасс әдісімен жүзу бойынша қатысады. Басты мақсат - Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиаданың жетістігін қайталау", – дейді Олег Вагизов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу