Спортшыларға пәтер кілті табысталды

756

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен III жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Диас Бахраддин мен парадзюдо бойынша алғашқы қазақстандық әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы жаңа пәтерлердің кілтін алды.

Спортшыларға пәтер кілті табысталды

Кездесуге III жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Диас Бахраддин, парадзюдо бойынша әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, сондай-ақ дзюдодан Пара Азиаданың күміс жүлдегері –  Азамат Тұрымбетов, грек-рим күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері – Айдос Сұлтанғали және байдарка мен каноэ есуден Азия ойындарының қола жүлдегері –  Мерей Медетов және отырып ойнау волейболынан Пара Азия ойындарының қола жүлдегерлері – Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов және Алмат Манабаев қатысты, деп хабарлайды egemen.kz.

"Биыл облыс спортшылары әлемдік ареналарда көптеген жоғары табыстарға қол жеткізіп, Тәуелсіз Еліміздің мәртебесін асқақтатуда. Облысымызда бұқаралық спорт, жоғары спорт шеберлігі, ұлттық спортпен қатар мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында да спорт қарқынды дамып келеді. Португалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына жалғыз алтын медальді қызылордалық Олжас Оразалыұлы алып берді. Бұл жеңіс – Қазақстан Паралимпия спорты тарихындағы алғашқы медаль болып саналады. Сіздердің жеткен жетістіктеріңіз –  өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін күшейтіп, мыңдаған жастың спортқа, салауатты өмір салтына ынтасын арттырары сөзсіз. Сіздер біздің еліміздің халықаралық спорттағы мәртебесінің жоғары екендігін дәлелдеп, жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың үмітін ақтадыңыздар", – деді облыс әкімі.

Кездесуде спортшылар атынан Диас Бахраддин, Айдос Сұлтанғали және Эрик Қасқабаев облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу