Спортшыларымыз ескек есуден Азия чемпионатында үш медаль алды

791

23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдаркамен 1000 метрге жарысудан Александр Медведев 2 орын иеленді. Ал жасөспірімдер арасындағы дәл осы бәсекеде Кирилл Тубаев чемпион атанды. 

  Спортшыларымыз ескек есуден Азия чемпионатында үш медаль алды

20-25 қазан аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында байдарка мен каноеде ескек есуден 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде деп хабарлайды Olympic.kz. 

Сондай-ақ, ересектер арасындағы Азия кубогі додасы да жалауын көтерді. Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін үш медаль олжалады. 

23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдаркамен 1000 метрге жарысудан Александр Медведев 2 орын иеленді. Ал жасөспірімдер арасындағы дәл осы бәсекеде Кирилл Тубаев чемпион атанды. 

Каноешілер сынында Алтынбек Қожахметке тең келер ешкім болған жоқ. Ол 1000 метрге жарысудан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атағына қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу