Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Мұхтар Тайжан қазақ боксшыларының, жалпы спортшылардың жеңілген кезде жауапкершілікті өздеріне алғысы келмей, "Алла Тағалаға іле салады" деп айыптады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Неге біздің боксшылар, басқа да спортшылардың барлығы жеңілсе, "Бәрі Алланың қолында" дей береді? Ана жолы есімде, көкпардан біздің құрама қырғыздардан ұтылып қалған кезде, біздікілер "Дұғада болайық" деп айта салды. Дұғада болғың келсе, мешітке бармайсың ба? Дұға қылатын жер сол ғой. Рингте жеңіліп қалса, "бәрі Алланың қолында" дейді. Көздерінде от жоқ. Меніңше, бұл бар жауапкершілікті Аллаға іле салу. Сонда бәріне Алла Тағала ғана жауапты ма? Сен жеңілсең, сенің жеңілісің емес, Алла Тағаланың қалауы екен. Мен мұндайды түсінбеймін, - дейді Мұхтар Тайжан.