Халықаралық гимнастика федерациясы 2020 жылғы жарыс күнтізбесіне өзгерістер енгізуде. Нәтижесінде, әлем кубогі кезеңінің уақыттары өзгерді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Дүниежүзілік ұйымның мұндай шешім шығаруына әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы себеп болған. Салдарынан Токиода өтетін Олимпиада ойындары бір жылға шегерілгендіктен халықаралық федерация жарыстар кестесіне өзгеріс енгізуді қолға алған.
Әуелі көркем гимнастика мен спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезеңдерінің уақыттары ауысты. Жарыстар келесі жылға, бір жылға кейінге қалдырылды.
Бұл жолы халықаралық федерация спорттық акробатика бойынша да жарыстарға өзгеріс енгізуді шешкен. Спорттық акробатикадан әлем кубогінің кезеңдері белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Атап айтқанда, Болгария мен Бельгияда жоспарланған әлем кубогінің кезеңдері бастапқы белгіленген уақытта өтпейді.