Спорттық гимнастикадан 2021 әлем біріншілігі кейінге шегерілмейді

861

Спорттық гимнастикадан әлем біріншілігі Данияда, ал батуттық гимнастика бойынша біріншілік Бакуде өтуге тиіс.

Спорттық гимнастикадан 2021 әлем біріншілігі кейінге шегерілмейді

2020 Олимпиада ойындарының 2021 жылға өзгертілуі халықаралық федерациялардың жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізді. Осыған байланысты бірнеше спорт түрінен Олимпиада ойындарымен қатар жарыс өткізбес үшін дүниежүзілік біріншілік додасын кейінге шегерді, деп хабарлайды olympic.kz.

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) қазіргі таңда 2021 жылы өтетін дүниежүзілік біріншіліктің уақытын ауыстыру туралы мәселенің күн тәртібінде жоғын ашық айтты. Атап айтқанда, спорттық гимнастикадан әлем біріншілігі 18-24 қазан күндері Данияда өтеді деп жоспарланған. Ал батуттық гимнастика бойынша біріншілік 11-14  қарашада Бакуде өтуге тиіс.

Биылғы додалар кестесіне коронавирус пандемиясына қатысты өзгеріс енгізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу