Спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екі спортшымыз финалға өтті

1051

Бұл күндері Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. 

Спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екі спортшымыз финалға өтті

Алғашқы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша екі қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Атап айтар болсақ, Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядындағы іріктеу кезеңінде 14.566 ұпай алып, финалға өтті. 

Еркін жаттығудан Милад Карими ақтық сында өнер көрсетеді. Ол 13.900 ұпаймен іріктеуде жетінші нәтиже көрсеткен. 

Дохадағы әлем кубогі кезеңі 7 наурызға дейін жалғасады. Бұған дейін қазақстандық гимнастар Германияның Котбус қаласында сынға түскен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу