Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде өтетін әлем кубогі қарсаңында оқу-жаттығу жиындарын өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
3-12 наурыз аралығында өткен жаттығу жиынына Милад Карими, Аким Мусаев, Нариман Курбанов, Ербол Жантықов, Дмитрий Патаниндер қатысты.
Ал Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия тарататын Бакудегі кубоктік дода 14-17 наурыз аралығында өтеді. Жарыс ережесі бойынша әрбір гимнастикалық снарядта бір елден екі спортшы бақ сынайды.
Бакудегі әлем кубогі кезеңінде төмендегі спортшылар бақ сынайды:
Еркін жаттығу: М. Карими, Д. Патанин
Ат снарядындағы жаттығу: Н. Курбанов, А. Мусаев
Шығыршық: Д. Патанин
Қол тіреп секіру: Д. Патанин, М. Карими
Қоссырық: Е. Жантықов, М. Карими
Гимнастикалық керме: Е. Жантықов, М. Карими
Бас бапкер: Александр Ким.
Әлем кубогі кезеңіне спорттық гимнастикадағы үздік спортшылар түгелдей дерлік қатысады.