Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы екі әлем кубогіне қатысады

926

Хорватияның Озиек қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне ұлттық құрама көшбасшылары қатыспайтын болды.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы екі әлем кубогіне қатысады

Мамыр айында спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы екі бірдей әлем кубогі кезеңіне қатысады. Бапкерлер құрамы кубоктік кезеңде бақ сынайтын спортшылар есімін жария етті, деп хабарлайды olympic.kz.

21-28 мамыр аралығында Хорватияның Озиек қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне ұлттық құрама көшбасшылары қатыспайды. Жаттықтырушылар кеңесе келе, Хорватияға жастарды жіберуді ұйғарған. Атап айтар болсақ, Озиектегі әлемдік сында Фарух Нәбиев пен Аян Молдағалиев сынға түседі. 

Ал 28 мамыр мен 4 маусым аралығында Словенияның Копер қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне Милад Карими, Нариман Курбанов және Ілияс Азизов қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу