Спорттық гимнастикадан командалық сайыс аяқталды

1085

Командалық есепте Қытай гимнастары алтын медаль еншіледі. Күміс жүлдені Жапония құрамасы иеленді, Оңтүстік Кореяға қола бұйырды.

Спорттық гимнастикадан командалық сайыс аяқталды

Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы командалық сын мәресіне жетті. Қазақстандық гимнастар финалда 6-шы орын иеленді деп жазады Olympic.kz. 

Алты бағдарлама бойынша өнер көрсеткен қазақстандықтар жалпы есебі 234.300 ұпай жинады. 

Командалық есепте Қытай гимнастары алтын медаль еншіледі. Олардың  ұпай саны - 260.950. Күміс жүлдені 248.550 ұпай жинаған Жапония құрамасы иеленді. Үздіктер үштігін 247.400 ұпаймен Оңтүстік Корея қорытындылап тұр.

Қазақстан командасы сапында Милад Карими, Ербол Жантықов, Нариман Курбанов, Ілияс Азизов және Аким Мусаевтар сынға түсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу