Спорттық гимнастикадан Түркиядағы әлем кубогі кезеңі өткізілмейді

640

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) коронавирусқа байланысты Түркиядағы турнирді өткізбейтін болды.

Спорттық гимнастикадан Түркиядағы әлем кубогі кезеңі өткізілмейді

26-28 маусым аралығында спорттық гимнастикадан Түркияның Мерсин қаласында өтетін әлем кубогі кезеңі өткізілмейді, деп жазады Olympic.kz.  

Ал Болгарияның Варна (14-17 мамыр) және Египеттің Каир (5-8 маусым), сондай-ақ, Хорватияның Осиек (18-21 маусым) қаласында өтуге тиіс жарыстар кейінге шегерілді. 

Жақын арада Словенияның Копер қаласында өтуі керек турнир 11-14 маусымға жоспарланған.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу