Бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қазақстандық спортшы, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин және ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Илья Гусаковпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында cу спорты түрлерінің қазіргі жағдайы мен даму барысы жайлы айтылып, біраз жоспарлар талқыға салынды.
Дмитрий Баландин спорттағы карьерасын аяқтап, бапкерлікке бет бұрған еді. Комитет төрағасы өз кезегінде Д.Баландин дайындаған жас спортшылардан әлі талай чемпиондардың шығатынына сенетінін жеткізді.
"Барлық спортшылар өзің секілді Олимпиада шыңын бағындырғаннан кейін, спорттан алыстамай, сол саланың дамуына үлес қосуы керек. Сенің бапкер болуға деген ниетіңді ел спортына деген жанашырлығың деп білемін. Біз өз тарапымыздан қашанда қолдауға дайынбыз", – деді комитет төрағасы өз сөзінде.