Спорттық құзға өрмелеуден қыздар командасы финалға өтті

1049

Индонезияның Богор қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр.  

Спорттық құзға өрмелеуден қыздар командасы финалға өтті

Қазақстандық спортшылар "жылдамдық" бойынша 1/8 айналымға өтті деп жазады Olympic.kz.  
Әмір Маймұратов 11-ші, Ришат Хайбуллин 13-ші, Роман Костюков 16-шы орынмен келесі сатыға өтті. Өкінішке қарай, Әлімжан Мырзабеков пен Мұрат Әлішер іріктеуден аса алмады.  
Ал қыздар командасы аталған бағдарлама бойынша финалға өтті. Жартылай финалда Әсел Марленова 7-ші, Маргарита Агамбаева 11-ші, Тамара Улжабаева 12-ші нәтиже көрсеткен.  
"Боулдеринг" және "қиындық" бойынша команда спортшылары ақтық сынға өте алған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу