Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясына жаңа Бас хатшы сайланды

149

Астанада Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен құрылтай кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.  

Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясына жаңа Бас хатшы сайланды Фото: Қорғаныс министрлігі

Жиында Қазақстан самбо федерациясының бас хатшысы болып Дияс Үкімет бірауыздан сайланды. Оның кандидатурасын талқылауға Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының мүшелері және осы спорт түрінің аймақтық бірлестіктерінің өкілдері қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Дияс Үкімет – қазақ күресі мен белбеу күресінен спорт шебері, дзюдо мен самбодан спорт шеберіне кандидат. Ол әр жылдары спорт мектептерін басқарған. Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бас сарапшысы болып қызмет еткен.

Федерация президенті Руслан Жақсылықов жаңа Бас хатшыға ұйым қызметінде және спортшыларды кәсіби даярлауда стратегиялық тәсілді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты жандандырудың қажеттілігіне де ерекше назар аударды. 

Руслан Жақсылықов Бас хатшы лауазымындағы жұмысы үшін Ерназар Бексұлтановқа алғысын білдіріп, оған жаңа қызмет орнында табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу