"Спрей шашып күйдірген": Автобус жүргізушісіне шабуылдаған павлодарлық тұрғын ұсталды

Келіспеушілік жолаушылардың жолақысын төлемеуінен басталған.

"Спрей шашып күйдірген": Автобус жүргізушісіне шабуылдаған павлодарлық тұрғын ұсталды Фото: stan.kz

Оқиға кезінде автобуста көп адам болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, оған бұрыш спрейін қолданған ер адам полицейлердің қолына түсті. 

Оқиға күндізгі уақытта тіркелді. Автобусқа қызбен бірге мінген ер адам жолақы төлеуден бас тартып, жүргізушімен сөзге келген. Куәгерлердің сөзінше, дау соңы төбелеске ұласып, жолаушы жүргізушіге жұдырық ала жүгірген.

Жүргізуші қарсылық көрсеткенімен, шабуылдаушы оған бұрыш спрейін шашқан. Осы сәтте жолаушыларды автобустан түсіру үшін есікті ашқан жүргізушіні соққыға жыққан ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

58 жастағы жүргізуші жедел жәрдеммен травматологиялық пунктке жеткізілген. Дәрігерлер оның химиялық зат әсерінен жеңіл дәрежеде күйік алғанын анықтап, амбулаториялық ем тағайындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу