Спрей түрінде COVID вакцинасы жасалды

1060

А.А. Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары спрей түрінде COVID вакцинасын жасады.  

 Спрей түрінде COVID вакцинасы жасалды

Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, мұрынға арналған вакцинаны клиникаға дейінгі зерттеу аяқталды. ҒЗИ директоры Дмитрий Лиозновтың айтуынша, зерттеулер жасушалар мен жануарларға жүргізілген, ал препарат өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті. Қазір ҒЗИ еріктілерге клиникалық сынақтар өткізу үшін құжаттар дайындауда.

"Осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында қолайлы процесте біз клиникалық зерттеулерді бастаймыз деп үміттенеміз", – деді Д.Лиознов.

Жаңа вакцина "Спутник V" препараты сияқты векторлық болып табылады. Ол SARS-CoV-2 генетикалық материалын енгізетін тұмаудың әлсіреген вирусына негізделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу