Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, бүгінде Қазақстан өндіретін спутниктер бойынша экспорттық келісімшарттарды пысықтау басталған.
"Біз спутниктерді ғарыштық мониторинг арқылы қолдана отырып, заңсыз полигондарды, тау-кен өндірісін, ормандарды заңсыз кесуді, жерді өздігінен басып алуды анықтай аламыз. Биыл 5 мыңға жуық заңсыз полигон анықталды", – деді ведомство басшысы Үкіметтің көшпелі отырысында.
Бұдан бөлек ормандарды заңсыз кесудің 112 жағдайы, қазбаларды заңсыз өндірудің 2,5 мың жағдайы анықталған.
"Бұл – жасанды интеллекттің элементтері. Әрі қарай жүйе жетілдірілетін болады. Себебі қазір адами фактор бар, бұл жүйені одан әрі оқыту керек. Деректер анықталып, тиісті мемлекеттік органдарға беріледі. Бұл мысалда мәліметтер экология министрлігіне жолданады", – деді Жаслан Мәдиев.