"Спутник Әзірбайжан" журналистері наразылық ретінде жұмыстан кетті

815

"Спутник Әзірбайжан" журналистері Әзірбайжанды қолдаудың белгісі ретінде отставкаға кетті. 

"Спутник Әзірбайжан" журналистері наразылық ретінде жұмыстан кетті

Агенттіктің орыс тіліндегі нұсқасының редакциясы Ресей Қорғаныс министрлігінің Әзірбайжан "Кек алу" операциясы кезінде атысты тоқтату режимін бұзды деген ақпаратын жариялаудан бас тартқан, деп жазады inbusiness.kz haqqin.az басылымына сілтеме жасап.  

Басылым редакторлары Зульфия Гурбанова, Жамиля Эфендиева, Елена Старостина және Гюльзар Мұстафаева әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында "Спутник Әзірбайжанда" жұмыс істеген уақытта ел мүддесін қорғағандарын атап өтті. Бірақ бүгінде олар отставкаға кетуге мәжбүр.

"Әзірбайжан Республикасының азаматы ретінде өзімнің жұмысынан ұялмаймын. Менің ар-ұжданым таза. Олар бізге қысым жасауға тырысқанда, соңғы нүктесін қойып, кетіп қалдық", – деп жазды басылымның бұрынғы редакторы Гюльзар Мұстафаева.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу