Sputnik Lite екпесі жүкті әйелдерге салынады

1222

Осыған дейін елде жүкті және бала емізетін әйелдер тек Pfizer вакцинасын салғыза алатын.

Sputnik Lite екпесі жүкті әйелдерге салынады

Sputnik Lite вакцинасы жүкті және бала емізетін әйелдерге де салынатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қарағанды фармацевтикалық кешеніне сілтеме жасап.

Sputnik Lite жүкті және бала емізетін әйелдерге салғызуға болмайтын екпе қаратынан алынып тасталды. Енді жүктіліктің 22-аптасынан бастап аталған вакцинаны салғызуға болады. 

"Осы кезеңде вакцинаның болашақ анаға тигізетін пайдасы жатырдағы балаға төнетін қауіптен жоғары болады", - деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Сондай-ақ бала емізетін аналарға да аталған екпені салғызуға рұқсат берілді. Алайда препаратты қабылдар алдында бала емізетін әйел осы вакцинаның пайдасы мен зиянын ескеруі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу