"Спутник V" ектірген ресейлік 3 дәрігер COVID-19 жұқтырды

787

Екінші мәрте егілгеннен кейін ғана адамда коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады. 

"Спутник V" ектірген ресейлік 3 дәрігер COVID-19 жұқтырды

Ресейдің Алтай өңірінде "Спутник V" вакцинасын бірінші болып ектірген 42 дәрігердің үшеуі коронавирус дертіне шалдықты. Бұл туралы жергілікті үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің пайымдауынша, вакцинациялаудан өткен дәрігерлердің иммунитеті вирус жұқтырғанға дейін қалыптасып үлгермеген болуы мүмкін. Өйткені бұл препарат – қос сыңарлы вакцина, бірінші екпе салғаннан кейін үш апта өткен соң қайтадан екіншісін ағзаға енгізу қажет. 

Яғни екінші мәрте егілгеннен кейін ғана адамда коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Оның өзінде тағы да үш апта күту керек. 

Еске сала кетсек, қазанның соңында "Спутник V" ектірген бірнеше еріктінің COVID-19 инфекциясына шалдыққаны жарияланған еді. Ол кезде Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург  оларға вакцинаның орнына плацебо егілген болуы мүмкін деп топшылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу