"Спутник V" мутацияланған коронавирусты жеңе алады

696

Ресейдің "Спутник V" вакцинасы коронавирустың жаңа штамын жеңе алады. Бұл туралы елдегі тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев мәлім етті. 

"Спутник V" мутацияланған коронавирусты жеңе алады Фото: ria.ru

"Біздің дерегіміз бойынша, "Спутник V" екпесі Еуропада табылған коронавирустың жаңа штамына қарсы тұра алады", – деді ол. 

Еске сала кесек, 14 желтоқсанда Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елде вирустың жаңа штамы табылғанын мәлім еткен еді. Оның айтуынша, бұл фактор COVID-19 дертінің Англияның оңтүстік-шығысында тез таралуының себебі болуы мүмкін. Елдегі қоғамдық денсаулық сақтау қызметі штамм қыркүйек айында пайда болды, бірақ қараша айынан бастап тарала бастады деп хабарлады.

Ғалымдар қазір жаңа штамм дерттің ауыр түріне себепші болатынын не болмайтынын анықтап жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу