"Спутник-V" ревакцинацияға қолданылмайды

1175

Бұл туралы үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Спутник-V" ревакцинацияға қолданылмайды

"Спутник" вакцинасын салуға болмайды. Онда 2 түрлі компонент. Компоненттері бірдей вакциналар ғана егіледі. "Спутник-V" вакцинасының бірінші және екінші компоненттері әртүрлі. Соған байланысты Қазақстанда ревакцинация кезінде бірінші және екінші компоненттері бірдей вакциналар ғана қолданылады", – деді министр. 

Алексей Цойдың сөзінше, "QazVac", "Спутник V" вакциналарының I компонентімен еліміздің 8,8 млн-нан астам, II компонентімен 8,3 млн-нан астам азаматы егілді. 

"136 мың адам ревакцинация алды. 188 мың адамға Pfizer вакцинасы салынды", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу